«ANQ Congress 2024» отырысында сапа менеджментін дамыту мәселесі талқыланды

«ANQ Congress 2024» отырысында сапа менеджментін дамыту мәселесі талқыланды
фото: pub.confit.atlas.jp

2024 жылғы 17 қыркүйекте Жапонияның Йокогама қаласында 22-ші Азия Сапа Конгресінің пленарлық отырысы басталды. Халықаралық жиынға Азия, Еуропа, АҚШ және басқа елдерден 400-ден астам делегат арнайы келген. Олардың қатарында 20 ұлттық сапа ұйымының басшылары бар, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

 Жаһандық және өңірлік экономикалық дағдарыстар, техногендік апаттар мен көші-қон процестері жағдайында экономиканың тұрақты дамуына қалай қол жеткізуге болады? Бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді алаңдатқан осынау мәселеге қатысты Конгресс қатысушылары өз ойларын ортаға салды.  

Фото "Сапалы Қазақстан"

Жалпы қатысушылар назарына Азия аймағындағы сапаны басқарудың өзекті мәселелері бойынша 200-ден астам баяндама ұсынылды.

 Басқосуда ғалымдар мен мамандар өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларына инновацияларды енгізу және Цифрлық трансформация дәуірінде Азия өңірінде сапа менеджментін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар, сапа менеджментін заманауи өндірістік технологиялармен үйлестіре отырып дамыту, адам факторының рөлін арттыру мәселелері назардан тыс қалмады.

Фото "Сапалы Қазақстан"

 Слайдта сапа менеджменті әдістерін енгізудегі үздігі үшін Ишикава-Кано медалімен марапатталған Таиландтан келген лауреаттың есімі көрсетілген.

 Фото "Сапалы Қазақстан"

Сондай-ақ, ANQ (ARQP) сапа менеджменті саласындағы жетістіктері үшін беделді марапаттарға Гонконг, Қытай, Тайвань, Таиланд, Ресей, Сингапур, Жапония кәсіпорындарының өкілдері ие болды.

 Фото "Сапалы Қазақстан"

Өкінішке қарай, халықаралық беделді байқауға Қазақстаннан бірде-бір кәсіпорынның өнімі ұсынылмады.

 XXII Азия сапа Конгресі (ANQ Congress 2024) отырысына біздің еліміздің атынан белгілі ғалым, академик, Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірахманұлы қатысып жатыр.

 

 Фото "Сапалы Қазақстан"

Жиын соңында алдағы уақытта Сапа Конгрестерін өткізу жоспары бекітілді. Келесі алқалы жиын  2025 жылы Үндістанда,  2026 жылы Қытайда өтетін болды.

 Айта кетсек, Азия сапа ұйымы - Asian Network for Quality (ANQ) - 2002 жылдың қараша айында Азия елдерінің Стандарттау және сапа жөніндегі он ұйымының Токио кеңесінде құрылды. Ұйым мақсаты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, философия, сапа менеджменті әдістемесі саласындағы зерттеулерді ынталандыру арқылы ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің дамуына ықпал ету.