фото: https://www.istockphoto.com/
Қазақстанда жүк көліктерінің жалпыға ортақ жолмен жүруіне тыйым салу ұсынылды. Жүк көліктері салмақты ескермей, рұқсат етілген межеден асырып, республикалық трассаларға айтарлықтай залалын тигізіп жатыр. Ал оларды қадағалап, заңбұзушыларға шара қолдану ісі тиісті деңгейде жүзеге асырылып жатқан жоқ. Бұған жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов залал келтіретін тасымалдаушыларды жауапқа тарту ісін күшейту қажет деп отыр.
Әлихан Смайыловтың сөзінше, бүгінде жолдардың 72%-ы ғана жарамды. Күтіп ұстауға арналған техника да тапшы.
Мысалы, қазір ел бойынша жүк көлігінің салмағын өлшейтін небәрі 18 құрылғы бар. Бұл деректі көлік министрі де жасырмады.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бүгінде жол сапасына қатысты мәселені реттеуге қаражат жеткіліксіз.
“25 мың шақырым жолды күтіп ұстауға жылына 80 миллиард ақша қажет. Өкінішке қарай, біз республикадан ондай сома толық бөле алмаймыз. Шамалы 35 миллиард бөлінеді. Қалған ақшаны, біз мына ақылы жолдардан түсетін ақшаны осы күтіп ұстауға жұмсап отырмыз. 25 мың шақырымға небәрі 18 өлшеу құралы, яғни, жүкті өлшейтін арнайы камера бар. Біздің қазіргі мақсатымыз қосымша 220 камера, яғни, өлшеу станцияларын республика бойынша орнатамыз”, – деді көлік министрі.
Жүйкесі жұқарған жүргізушілер 25 жылдан бері жасалмаған айналма жолға ақы төлеп отырғанын айтады. Шұрық-шұрық трассада техникалары жиі бұзылатынын айтып, кей кездері жолдағы қарды өз күшімізбен күреуге мәжбүрміз дейді.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через