фото: pixabay.com
«Құралай көз, қолаң шаш. Алма мойын қиғаш қас», деп халық әнінде шырқалатын сұлулар қатары артып келеді. Себебі, бүгінгі таңда маржан тіс, келісті кескін, қыр мұрын, қиғаш қас, қолаң шаш, бәрін де мамандардың көмегімен жасап алуға болады.
Несін айтасыз, қазір әлемде сұраныстың арқасында сұлулық индустриясының айы оңынан туып тұр.
Қалтаңызда ақшаңыз болса, пластикалық хирургия саласына бейімделген кәсіби мамандар барлығын «түзетуге» әзір. Олар өзіңізге ұнамаған мүшеңізді отаның көмегімен мінсіз етіп жасап беруге дайын.
Дегенмен, жасанды сұлулық бәрінің көңілінен шыға ма? Сырт көзге әдемі болып көріну бүгінде трендке айналған ба?
Ал сіз, құрметті оқырман, жасанды сұлулыққа қалай қарайсыз?
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через