фото: pixabay.com
ҚР Көлік министрлігі жақын арада қай бағыттарда халықаралық жаңа авиарейстер ашылатынын мәлім етті.
«Биылғы қыркүйек айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы А-320 типті ұшағымен «Шымкент-Джидда» бағыты бойынша аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) жиілікпен тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап «SCAT» әуекомпаниясы «Шымкент – Сиань» бағытында рейстерді бастайды», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Алматы – Куала-Лумпур» бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен Малайзияға тікелей жолаушылар рейстерін қайта бастау мәселесін қарастырып жатыр.
«Сондай-ақ, орта мерзімді перспективада Токио мен Нью-Йорк қалаларына рейстерді іске қосу жоспарланған», - деп нақтылады ведомство.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через