Жапон әскері кешірім сұрау үшін Қытайға келді

Жапон әскері кешірім сұрау үшін Қытайға келді
фото: Синьхуа/kaz.inform.kz

Қытайға шапқыншылық жасаған Жапон қарулы күштерінің 731-ші арнайы бөлімінің мүшесі болған Хидео Шимизу 79 жылдан кейін Харбин қаласына келді, деп жазды kaz.inform.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Хидео Шимизу 13 тамыз күні Харбин қаласындағы Жапон басқыншы армиясының 731-ші бөлімшесінің ескі орнында орналасқан мұражайға барып, басқыншы армияның қылмысын әшкерелеп, кешірім сұрамақшы.

Хидео Шимизу биыл 94 жаста. Ол 1945 жылы наурыз айында Харбин қаласына 731-ші арнайы бөлімінің соңғы жасағы ретінде келіп, 4 ай әскери қызмет атқарған. 1945 жылы 14 тамызда ол жапон әскерлерімен бірге еліне қайта қашады. 

Жапония

Фото: Синьхуа

Харбин қаласы Жапония Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде микроб қаруын зерттейтін базалық лагерь болды. 731-ші арнайы әскери бөлім осында патогендік бактерияларды өсіру, вивизация жүргізу және адамға тәжірибе жүргізу сынды заңсыз зерттеулер жүргізген.

2016 жылы Хидео Шимизу көпшілік алдында сөз сөйлеп, сұхбат беріп, жапон басқыншылары жасаған қылмысын әшкерелеп, тарихи шындықты жариялады.

Айта кетерлігі, Хидео Шимизу 731-ші арнайы бөлімінің бірден-бір тірі мүшесі.