фото: pixabay.com
Жаңа оқу жылы тақаған тұста алаяқтар тағы бір қитұрқы әрекетке көшті, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен Ресейде арам пиғылдылар мектеп формасы мен кеңсе тауарларын саудалайтын жалған интернет дүкен ашып, ата-аналарға жеңілдіктер туралы хабарлама жібереді. Яғни, жалған дүкеннің сілтемесіне өтіп, сауда жасауға үгіттейді. Төлем жасағаннан кейін тұрғындар алданып қалғанын бір-ақ біледі.
Мамандар онлайн сауда жасағанда үнемі сақ болуға шақырады. Сайттың тіркелу уақыты, ондағы жүктелген контент пен байланыс нөмірлерін тексерген абзал. «Сонымен бірге іздеу жүйесіне салып, сайттың жалған еместігіне көз жеткізген жөн», - дейді мамандар.
Олжас Сәтиев, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті: - Алаяқтар қазір халықтың көңіл-күйіне қарай қимылдайтын болған. Мәселен, 90% жеңілдікпен зат алып, көлік ұтысына не iPhone ұтысына қатысыңыздар деп арбайды. Сондықтан интернетте батпан құйрықтың болмайтынын түсінген абзал. Алаяқтар қарбалас кезеңді ұтымды пайдаланады. Міне, 1 қыркүйек қарсаңында балаларына киім, кеңсе тауарын алып, абыр-сабыр болатын ата-аналарды алдауға тырысады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через