фото: pexels.com
Елімізде такси қызметін пайдаланғанымыз үшін төленетін ақы күрт қымбаттады, деп жазды qazaqstan.tv.
ТМД елдеріндегі қалалар арасында ең қымбат тариф қазір Алматыда. Мұнда такси құны бір жылда 36,9 пайызға өкен. Қала тұрғындары қазір әр шақырым үшін 328 теңге төлейді. Бұл Energyprom зерттеу орталығы келтірген деректер.
Сонымен бірге, баға Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облысында да айтарлықтай көтерілген. Ал еліміз бойынша такси құны бір жылда 13,2 пайызға қымбаттаған.
Әлемдік ірі мәліметтер базасы саналатын Numbeo деректер қорының ақпаратына сәйкес, 2024 жылы ТМД елдерінің арасында Қазақстандағы такси бағасы өте қымбат екені анықталған. Экономистердің топшылауынша, бұған әсер ететін бірнеше фактор бар.
Фото pexels.com.
Қазақстандық Ranking мониторингтік ресурсының мәліметнше, 2024 жылдың сәуір айына қарай Қазақстанда 13,9 млн адам такси қызметін қолданған. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сан 4,9 пайыз азайған, деп жазды zhasalash.kz.
Аймақтар бойынша Алматы (2,5 млн) мен Астана қалаларында (1,5 млн) және Қарағанды облысында (1,1 млн) ең көп жолаушы тасымалданған. Ал ең аз көрсеткіш Жетісу (277 мың), Атырау (290,8 мың) және Алматы облыстарында (306,5 мың) тіркелген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через