фото: pixabay.com
Интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін көлік жүргізушілер қауіпсіздік талаптарын дұрыс ақтамайды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Мәселені реттеу үшін ведомство тасымалдаушылармен бірлесіп, жолдағы қауіпсіздік пен сапаны арттыруға ниетті, деп жазды24.kz. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар жүйеленіп, қоғамдық талқылаудан өтеді. Әлемдік тәжірибеде халықты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қарапайым талаптар бар.
Солардың қатарында көлікті техникалық бақылау; жүргізушінің медициналық тексеруден өтуі; жылдамдық режимін сақтау . Өкінішке қарай бұл талаптар кейде орындалмайды.
Селим Қуанышұлы, ҚР Көлік министрлігі автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары: - Қайғылы жағдаймен аяқталған апаттың көп бөлігі қозғалыс жылдамдығы жоғары қалааралық трассаларда орын алуда. Тиісінше, басты назар қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын таксилерге де бағытталған. Айта кету керек, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары одан әрі өз жалғасын табады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через