фото: pixabay.com
Былтыр Ауғанстандағы сұлулық салондарына тыйым салынғаннан кейін, олардың көпшілігі жасырын жұмыс істеуге көшті. Елдегі әйелдер сұлулық салондарын "қауіпті сән" деп атайды. Алайда олар түрмеге түсу қаупіне қарамастан, сұлу болудан бас тартпайды, деп жазады The Guardian.
Өткен жылы "Талибан" режимі бүкіл ел бойынша сұлулық салондарын жабу туралы бұйрық шығарды.
Салон иелеріне кәсіптерін жабуға бір ай уақыт берілді. Салондар халықаралық ұйымдардың әйелдер құқығын шектемеу туралы үндеуіне, мұның экономикаға кері әсерін тигізетініне және әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға қайшы келетініне қарамастан жабылды.
Тыйым салынғаннан кейін кейбір әйелдер өз клиенттерін үйде қабылдап, Талибан режимінен жасырынып, жұмысын жасырын жалғастырды. Тыйымды бұзу айыппұлға, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.
Фото pixabay.com.
Би-би-си мәліметінше, Талибан режимі 2021 жылы билікке келгеннен бері әйелдер құқығы жүйелі түрде шектеліп келеді. Осы уақыт ішінде олар қыздар мен әйелдердің мектептерге, университеттерге, спорт залдарына, қоғамдық саябақтарға бару және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеу құқықтарын шектеді.
Ауғанстан әйелдері тек көз саңылауын қалдырып, толығымен жабық жүруі керек. Сонымен қатар, бұл елдегі әйелдердің ер туысының сүйемелдеуінсіз 72 км-ден астам жүруге құқығы жоқ.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через