фото: https://kaz.orda.kz/
Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов соңғы жылдары қазақ-өзбек қарым-қатынасы нығая түскенін айтты.
Президенттеріміздің көреген саясаты мен достық қарым-қатынасының арқасында соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас айтарлықтай нығая түсті. Жалпы, сауда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынаста шешуші рөл атқарады әрі экономикалық ынтымақтастықтың негізі. Ол екі елдің өсуі мен дамуын ынталандырып отыр, - деді дипломат Қазақстан-Өзбек іскерлік кеңесінің отырысында.
Оның мәліметінше, Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестері арасында Қытай мен Ресейден кейін 3-орында тұр.
2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы алыс-беріс 4,4 млрд долларға жетті, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері - 1,7 млрд. Бүгінгі таңда Қазақстан Өзбекстанға келетін туристер саны бойынша алғашқы 5 елдің қатарына кіреді. Бұл қазақстандықтардың Өзбекстанның бай мәдени-тарихи мұрасына қызығушылығының артып келе жатқанын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы туристік байланыстың нығая түскенін көрсетеді, - деді Бейбіт Атамқұлов.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через