фото: pixabay.com
Елімізде пойыз билеті қымбаттайды. 1 қазаннан бастап жол жүру ақысы 20 пайызға көтерілмек, деп жазды ктк кз.
Теміржол билетінің қымбаттауы жолаушы тасымалының 62 бағытына ғана қатысты. Енді стандарт вагондардың билет бағасы 6 мыңнан 7 мыңға дейін өссе, Тальго билеті 10 мың мен 12 мың теңге арасында сатылады.
Көлік министрлігі бағаның өсуі вагондар паркін жаңарту мен пойыздағы қызметті жақсарту үшін қажет деп түсіндірді. Жалпы елде вагондар паркі 2600-ден асады. Оның жартысы әбден тозған. Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушы тасымалдау бағасы соңғы он жылда бірінші рет өскелі отыр.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі — Бұл өзгеріс Ұлттық тасымалдаушы КТЖ, сонымен қатар жеке тасымалдаушыларға тікелей қатысты. Былтыр 118 вагон алынса, биыл 140 вагон сатып аламыз деген жоспарымыз бар. Бірінші жартыжылдық аясында оның 50 пайызы алынды. Қалғаны осы жылдың аяғына дейін келіп түседі де, рейске шығарылады. Ал келесі жылдан бастап 200 вагоннан қосылып тұрады. Яғни алдағы уақытта осы вагондардың паркі жаңарған сайын, теміржолдағы бірқатар мәселе шешіледі деп күтілуде.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через