фото: pixabay.com
Қазақстанда шетелде жасалған автокөлік көбейген.
Нақты сандарды сөйлететін болсақ, биылдың өзінде 58 мың 500 автомобиль сырттан әкелінді. Оның 46 пайызы, яғни 27 мың көлік Қытайдан импортталған. Яғни әрбір екінші шетелдік көлік Қытайдан келеді. Мамандар көрсеткіштің ұлғая береріне сенімді. Себебі бағасы басқаларына қарағанда арзандау.
qazaqstan.tv сайты жариялаған дерекке сүйенсек, осы қыста ғана көрші елден 130 млн долларға 10 мың көлік жеткізілген. Ал биыл импортталған көліктің 20 пайызы, яғни 4 мыңнан астамы АҚШ-тан, қалғаны Жапония, Оңтүстік Корея және Ресейден әкелінген.
Неге қазақстандықтар шетелдің көлігіне құмар?
Көп жағдайда отандастарымыз автокөлікті сатып алу кезінде бірнеше факторларды ескереді: бағасы, жайлылығы, сыртқы түрі, қызмет көрсетудің қарапайымдылығы және т.б.
Сонымен қатар, автокөлікті сатып алу кезінде ескерілетін тағы бір маңызды фактор - бұл жаңа көлік пе, әлде бұрын қолданылған ба. Пайдаланылған автомобильдерді сатып алу кезінде Қазақстан азаматтары шетелдік автомобильдерді де таңдайтыны анықталды.
Азаматтардың 80% Қазақстангда құүрастырылған жаңа көлікке қарағанда шетелдіі пайдаланылған автокөлігін сатып алуға дайын. Себебі, Қазақстанда жасалған деп сатылатын отандық автомобильдер сатып алушылардың сұраныстарына толық жауап бермейді. Олар сапасыз. Жайлылық деңгейі жағынан келетін болсақ, шетелдік автомобильдердің ұтатыны сөзсіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через