фото: 24.kz/banks.kg
Италияның Неаполь қаласында жалған ақша жасаған адам ұсталды. Күдікті осы уақытқа дейін жалпы сомасы 11 миллион еуроға жететін ақша купюраларын жасап шыққан, деп хабарлайды 24kz.
Еуропа полициясы келтірген мәлімет бойынша қолға түскен ер адам жасанды банкноттарды заңсыз типографияда шығарып келген. Қызметі әшкере болғаннан кейін жасырын баспахана толығымен бұзылып, 3 миллион еуро тәркіленді.
Тергеу нұсқасы бойынша 2023 жылы анықталған жалған еуро банкноталарының 27%-і, яғни 8 миллион еуро дәл осы күдіктінің қолымен жасалған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Анықтама:
Еуро - Еуропалық Одақтың 19 еліндегі ресми валюта, сонымен қатар Еуропаның тағы алты еліндегі негізгі төлем құралы. Соңғылары Еуроаймақтың мүшелері емес, еуроны арнайы келісімдер шеңберінде өз валютасы ретінде пайдаланбайды. Еуро 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолма-қол айналымға енгізілді. Валютаны Еуропалық орталық банк шығарады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через