фото: pixabay.com
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Маңғыстау облысына жарысқа бара жатқан мектеп оқушылары мен ата-анаcы мінген минивен жүк көлігімен бепте бет соқтығысқан. «Тойотадағы» 8 адам бақилық болды. Оның бесеуі — бала. Жүк көлігінің жүргізушісі қазір түсініктеме беріп жатыр, деп жазды ктк кз.
Апат 07 тамыз күні Хромтау ауданының Бөгетсай ауылы маңында болған. Жолаушылар мінген минивен таңертең Әйтеке би ауданының Құмқұдық ауылынан шығыпты. Көлікте мектеп оқушылары да бар. Олар Маңғыстауға жеке футбол турниріне қатысуға шыққан екен. Алайда жолда жүк көлігімен соқтығысады. Көптонналы алып техника «Тойотаның» сау тамтығын қалдырмаған. Минивендегінің бәрі мерт болды. Бесеуі — оқушы, бір баланың әкесі, жүргізуші мен тағы бір ересек жолаушы. Балалардың жасы небәрі 11-де. Екеуі ағайындылар екен.
Айдос Кұлжанов, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚ басқарма бастығы: — Алдын ала мәліметтерге байланысты, көлікте балалардың қасында ата-анасы болған және басқа облысқа футболдан өтетін жарысқа бара жатқан. Бұл шара жайында ата-аналар құзырлы білім басқармасына, полицияға, спорт басқармасына хабарламаған.
Білім басқармасы да оқушылардың алыс жолға шыққанын білмеген. Сол турнирге басқа да адамдардың кеткен-кетпегені анықталып жатыр. Полицейлер көліктегі адамдардың нақты санын бірден айта алмаған. Алғашында 3 ересек 3 бала бар делінді. Кейін жаншылған көліктен тағы екі баланың денесі табылған.
Жайық Сұлтан, Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы: — Балалар жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған жеке футбол турниріне сапарға шыққан. Мәлімет бойынша, Маңғыстау облысына бет алған. Бұл турнирдің ережесіне жазалыпты 2013 жылы туған балалардың арасында ұйымдастырылады. Біз оған рұқсат бермегендіктен, қазір нақты ақпаратымыз жоқ.
Шенеуніктер мен полиция бұған бекер мән берген жоқ. Былтыр өңірде тура осындай жол апаты болған. Жетоқсанның ортасында мектеп оқушылары аудан орталығына осындай минивенмен жолға шығып, апатқа түседі. Ол кезде 25 жастаға мектеп директорының орынбасары мен екі оқушы опат болған. Балалар мінген көлікті полиция патрулі бастап жүруі керек болғаны айтылып, біраз шу болған еді.
Ал сына жантүршігерлік апаттың жай-жапсары әлі анықталып жтыр. Жүк көлігі жүргізушісі зардап шекпеген, оқиға орнында түсінік беріп жатыр. Полиция әзірге апат себебінің алдын ала болжамын да айта алмай отыр. Ресми мәлімет бойынша өңірде жыл басынан бері балалардың қатысуымен 106 жол көлік апаты тіркелген. 10 бала құрбан болыпты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через