WhatsApp

Бір отбасы түгел суға батып кетті

Бір отбасы түгел суға батып кетті
фото: pixabay.com

Ақмола облысында бүтіндей бір отбасы Арнасай су қоймасына батып кетті. Қайғылы жағдай Аршалы ауданында болған, деп жазды qazaqstan.tv. 

Анықталғаны, ерлі-зайыптылар екі баласымен қала сыртына демалуға барып, рұқсат етілмеген жерде шомылған.

 Құтқарушылардың мәліметінше, батып бара жатқан қызды құтқармақ болған әкесі мен ағасы судан шыға алмай қалған. Көмекке асыққан анасы да мерт болды.