фото: Farchive-share.america.gov
Массачусетс университетінің ғалымдары салқындатқыш мата жасап шығарды.
Келешекте одан киімдер тігіп, адам ыстықтан қорғана алатынын айтады. Мамандар әктастың суыту қасиеттерін ескере отырып, матаны жасауда кальций карбонаты негізіндегі қаптаманы қолданған. Ол күнге жақсы шағылысады. Мұндай матаны өндіру де оңай. Өзгелермен салыстырғанда технология көп ақшаны қажет етпейді. Оның үстіне киімді тіпті машинада жуғаннан кейін қасиеттерін жоғалтпайды екен. Ғалымдар климаттың өзгеруінің салдары жылдан жылға айқын сезіле бастаған кезде мұндай инновацияның пайдасы зор болатынын айтады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через