фото: pixabay.com
Қазақстанда жұмыссыз жүргендердің көбі 35 пен 54 жас аралығындағы азаматтар. Олардың саны 260 мың адамға жеткен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 450 мың қазақстандық екі қолға бір күрек таппай жүр. Жұмыссыздық көрсеткіші бойынша қазір Алматы қаласы көш басында тұр. Онда 52 мыңнан астам тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген. Ал алғашқы үштіктң Түркістан мен Алматы облысы аяқтайды.
35-54 жас аралығындағы жұмыссыздар саны - 260 мың;
2024 жылғы жұмыссыздардың жалпы саны - 450 мың адам.
Жұмыссыздық көрсеткіші бойынша:
Алматы - 52,7 мың адам;
Түркістан облысы - 40,7 мың адам;
Алматы облысы - 35 мың адам.
Ресми статистика бойынша, қазір 41 мыңнан астам адамда бір жылдан бері тұрақты жұмыс орны жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через