фото: pixabay.com
Алматыда үш кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті. Мұндай игі қадам қала тұрғындары мен қонақтарының сұранысына орай қолға алынған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір алып шаһардағы кітапханалардың 95 пайызы материалдық базасын жаңартты. Сондай-ақ заманауи технологиямен жабдықталған. Бұл қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастырып, жастардың кітапқа деген құштарлығын арттыруға сеп,- дейді мамандар. Әсіресе білім қуған ізденімпаз студенттер үшін мұндай бастама өте тиімді. Себебі кітапханалар тегін интернетпен қамтылған.
Айта кетейік, былтыр Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана құру идеясын ұсынған еді.
Бану Дәулетбаева, Жамбыл атындағы кітапхана жетекшісі - Заманауи кітапхананың келбетін қалыптастырып жатырмыз. Мұнда тегін интернет жұмыс істеп тұрады, содан кейін олар өздеріне қажетті әдебиетке тапсырыс беріп, жұмыстарын жасай алады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через