фото: pixabay
Қазақстанда жұмысынан айырылған қазақстандықтарға МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45% - на дейінгі мөлшерде төлем беріледі.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.
Жұмыстан босатылған қызметкер төлем алуы үшін:
- eGov.kz порталда авторизациялау қажет;
- "жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- барлық жолдарды толтырып, онлайн қызметке тапсырыс беру және өтінімді ЭЦҚ-ға қол қою арқылы жіберу;
- бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы (бұдан әрі – КО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен КО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимде электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі ұялы телефонға МӘСҚ-дан төлемді тағайындау жөніндегі қызметті проактивті форматта көрсетуге келісуге SMS-хабарлама жібереді.
Келісім болған жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан жүзеге асырылады. Бұл жұмыссыз адамды жұмыс іздеп жүрген кезеңде қолдауға арналған.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через