Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады
фото: https://optimism.kz

       Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі аяқталуына екі ай қалды.

       Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары 15 қыркүйекке дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы алғанда биыл 2 млн 400 мың адам қамтылады. Әзірге оның 1 млн-нан астамы ғана ұсынған. Ал декларация тапсырып үлгермегендер немесе тапсырудан әдейі жалтарғандар жауапқа тартылады. Алдымен оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде тағы қайталаса – 55 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Жалпыға бірдей декларациядан қорқып керегі жоқ. Себебі осы декларацияны бірде тапсырсаңыз, өзіңіздің ашықтығыңызды, таза бизнесте жүргеніңізді, жасырын бизнесіңіз жоқ екенін білдіреді. Өзіңіздің азаматтық принципіңізді көрсеткеніңіз болып саналады, - дейді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов.

https://baq.kz/