Үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмоновамен таңғы жаттығу өтті

Үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмоновамен таңғы жаттығу өтті
фото: https://standard.kz/

       Алматы қаласында үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмоновамен таңғы жаттығу өтті. Жаттығуға қаланың әртүрлі жастағы қыз-келіншектері қатысты.

       Іс-шара барысында Сора Рахмонова жетістікке жету тарихымен бөлісті. Чемпиондық жолда кездескен қиындықтар мен келеңсіздіктер оған күш бергенін жеткізіп, қатысушыларды біраз жігерлендірді. Салауатты өмір салтына қызығушылық танытқан қыздар денелерін  қыздырып жаттығу жасаған соң, өзін-өзі қорғауға  керекті күрес әдістерін үйренді.

       Бұл шара Жастар Саясаты басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» Жастар Қанаты АҚФ және «Жастар Рухы» Шымкент қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен, «Almaty leaders» қоғамдық жобасының аясында Бостандық аудандық комьюнити орталығымен бірлесе отыра жүзеге асырылды. Басты  мақсат  - қыздар қауымының денсаулығын жақсартып, өз қауіпсіздігін корғауды үйрету.

       Кездесу барысында «Жастар Рухы» ЖҚ Қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Қәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, Кикбоксинг, Тайбокс, ММА, Панкратион спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері, Бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері Сора Рахмоноваға гүл шоқтары мен алғыс хат табыстады.

       Сөз соңында Сора Рахмонова:  «Жастар Рухы» ЖҚ әрқашан қолдап отыратынын атап өтті. Бүгінгі жаттығу жасап бірге болудағы мақсатым да қазақ қоғамында  қыздардың тәрбесіне олардың жат қылықтарды ажырата білуі, денсаулығына, ұлт болашағына,  рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін  дамыту.Темекі,  ішімдік, есірткі,  денені жалаңаштау сынды жат қылықтардың денсаулыққа зияны жекізу. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік еткізу.

https://standard.kz/