фото: pexels.com
Соңғы 4 жылда түрмедегі адамдардың саны 7 мыңға жуық өсті. Бұл бөтеннің мүлкін ұрлау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы және жол-көлік оқиғалары саласындағы заңнаманың қатаңдатылуына байланысты, деп жазды kaz.inform.kz.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтуынша, елімізде 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 37 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 3 мыңға жуығы әйел және 50-ден астам кәмелет жасына толмағандар бар.
Атап өтерлігі, 37 мың тұтқынның 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Бұл ретте сотталғандардың 45%-ы бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар.
«ҚАЖК қоғамның ең күрделі санатымен жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан, жалпы мекемелерде жедел жағдай тұрақты және бақылауда. Қамаудағы әр адаммен психологтар мен мекемедегі әртүрлі қызметтер кешенді жұмыс жүргізеді», - деді Т.Жәнібеков.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через