Түрік компаниялары Қазақстанда инвесторлар қатарында көш бастады

Түрік компаниялары Қазақстанда инвесторлар қатарында көш бастады
фото: https://baq.kz/

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ ұйымдастыруымен Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева 35 ірі түрік холдингтарымен Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар салу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында келіссөздер өткізді.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, Н. Нұрбаева екіжақты кездесулер барысында түрік инвесторларымен елімізде іске асырылып және пысықталып жатқан жобалардың ағымдағы күйін және проблемалық мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың негізгі локомативі – инвестициялық ынтымақтастық. Қазіргі таңда инвестиция тарту мәселесі ҚР Үкіметі үшін ең маңызды мақсаттардың бірі. Біз түрік серіктестерімізбен инвестициялық ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға және жаңа нарықтарды бірлесіп игеруге мүдделіміз. Түрік инвестицияларының ерекшелігі экономикамызды диверсификациялауға бағытталған өңдеу өнеркәсібіне бағытталғандығын мақтанышпен айта аламын, – деп мәлімдеді Н.Нұрбаева.

Бауырлас түрік инвесторлары еліміздің инвестициялық әлеуеті мен ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған нақты шараларды жоғары бағалап, автомобиль өнеркәсібіндегі компоненттер, машина жасау, құрылыс материалдары, металлургия, химия, агрохимия, агроөнеркәсіп кешені және жеңіл өнеркәсіп салаларына инвестиция салуға ниет білдірді.

https://baq.kz/