фото: morena.kz
Алматы облысының аумағындағы Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалып отыр.
Қауіп-қатер аймағында 30 мыңнан астам адам тұратын Таутүрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері бар.
Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейнінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг жасалды.
— Бұл аймаққа баруға уақытша тыйым салынған. Жаяу туристерді, автокөлік иелерін, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдарды хабардар ету бойынша жұмыс жүріп жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда, — деп хабарлады ТЖМ.
Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағы мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмысын жүзеге асырды. Бұл істі «Қазселденқорғау» ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді.
Екі күн ішінде олар сифон төсеу арқылы еріген мұздық суын айдау жұмысын да жүргізді.
Осылайша бүгін ұзындығы 300-ге жуық метр, өнімділігі секундына 110 литр болатын алғашқы сифон тізбегі іске қосылды.
Көлдегі жұмыс ауа райына байланысты жалғаса береді (шамамен 16 шілдеге дейін).
Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адам өміріне және объектілердің қирауына қауіп төндіретін сел тасқынына қарсы бағытталған.
Дайындық жұмыстары Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через