Таразда "маугли" отбасы табылды

Таразда "маугли" отбасы табылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Жергілікті әкімдік өкілдері азаматтарға көмектесетін болады.

Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайынды адамдар табылды.

Шамамен 40 жастағы бауырлардың бірі ақыл-есінен айырылса, екіншісі тілден қалған.

"Үлкені аздап сөйлей алады. Ал інісі еңкейген күйде отыра береді. Олардың қазір тұрып жатқан үйі адам шошырлық күйде", - дейді еріктілер.

Қос азамат асты табылса ғана жейді, болмаса шикі өнімдермен жүрек жалғайды екен. "Маугли" атанып кеткен екі азаматқа бұған дейін анасы күтім жасапты. Алайда ол 3 күн бұрын ауруханаға түсіп, ағайындылар қараусыз қалған. Бұл жағдайды көзбен көрген жергілікті әкімдік өкілдері азаматтарға көмектесетін болды. Олар алдымен екеуінің құжатын түгендемек.

"Анасы емханадан шыққан соң, оған қамқоршылыққа тағайындауға құжатына көмек беріледі. Бала әрекет істеуге қабілеті жоқ деп танылса, жәрдемақы төлейміз", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.

ҚазАқпарат