фото: pixabay.com
Қытайлық «Shaanxi Jingzhao carspan» компаниясы Шымкентте көлік зауытын салуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына жасаған сапары қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Басқосуда автомобиль өндірісінен бастап, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды автомобиль құрастыру зауытын құру жобасы талқыланды.
Shaanxi Jingzhao carspan. Қытайлық бұл компанияға Қазақстан – үлкен нарық. Қызығушылық танытып отыр. Енді сөздеріне қарағанда нақты іске көшетін ойы бар. Сондықтан қала әкімі оларды Шымкентке келіп, өндірістік алаңдарымен, басқа да жалпы қаланың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы шақырды. Жақын арада келуін күтеміз. Келіссөздер одан әрі жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, қазір қаламызда, жалпы елімізде Қытай автомобильдері, оның ішінде электроавтомобильдер кеңінен дамып келеді. Сондықтан сервистен бастап оны жинақтау зауыты бүгінгі күнде өте өзекті», - деді Шымкент әкімінің орынбасары.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через