Сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырды

Сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырды
фото: Instagram фотограф Аркен Аван

    АҚШ-тағы әскери академияның бітіру кешінде қазақша сөйлеген қыз көпшілікті тәнті етті.

Видеоны Нью-Йоркте жүрген қазақстандық фотограф Аркен Аван Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ол бұл шараға тапсырыс бойынша басқа баланы түсіруге барғанын, қазақ қызын кездейсоқ кездестіргенін айтқан.

Видео авторы қазақ қызын ортаға "ең үздік оқушы" деп, сөз сөйлеуге шақырғанын айтты. Малика есімді қазақ қызы бітіру кешіндегі сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырып, кейін немісше де сөйлейді.

"Әрдайым маған жақсылық тілеп, еркелігімді көтеріп, алыстан уайымдап, мені сағынып жүретіндеріңіз үшін көп рақмет! Ауырмаңыз, жасыңыз ұзақ болсын!", - деді ол ата-анасына арнап айтқан сөзінде.

https://kyzylorda-news.kz/