Сахнада сапалы өнер көрсету керек. Роза Рымбаева

Сахнада сапалы өнер көрсету керек. Роза Рымбаева
фото: egemen.kz

Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе ауданында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген, музыкалық комедия актері. Эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.

 «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісіне берген сұхбатында Роза Қуанышқызы сапалы өнер жайлы, отбасы өмірі, балаларымен қарым-қатынасы, достарымен, жас әріптестерімен қалай араласып жүргені туралы сыр шертеді.