Қытайда алапат торнадо болып, бес адам көз жұмды

Қытайда алапат торнадо болып, бес адам көз жұмды
фото: https://pixabay.com/ru/

Қытайдың Шаньдун провинциясында алапат торнадо көтерілді. Табиғи апаттан бес адам қайтыс болды.

5 шілде күні Хэцзе қаласындағы Дунмин мен Цзюаньчэн уезінде үлкен торнадо көтерілген. 88 адам жарақат алды. Соның ішінде 5 адам қайтыс болды.

Қатты құйын мен жел мыңдаған құрылыс нысандарын зақымдады. Алдын ала мәліметке сәйкес, 2 820 нысын мен 48 электр желісіне зақым келді. Торнадо 4 060 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін де қопарып өтті.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде көлік қатынасы, байланыс, су мен электр желілер қалпына келтірді. Қытайдың ұлттық климат орталығының мәліметі бойынша Шаньдун провинциясында жыл сайын бірнеше рет торнадо көтеріліп тұрады.

ҚазАқпарат