фото: https://pixabay.com/ru/
Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Flyjump спорт кешенінің иесі ұсталды.
Полицейлердің мәліметінше, бүгін сағат 13:30 шамасында Татыр ауылына қарама-қарсы орналасқан Flyjump спорт кешенінде жардан секіру кезінде аспалы жол үзіліп, нәтижесінде 1985 жылы туған Б.А. есімді азамат оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Аламудун аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, тергеуге дейінгі іс қозғалды.
Жиналған материалдар мен жәбірленушінің туыстарының арызы негізінде аталған факті бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Тұтынушыларға қауіп төндіру) бойынша қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қолданылған шаралармен, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 96-бабына сәйкес 1996 жылы туған Н.А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через