"Қолдан жасалған билет тапшылығы": Алматы вокзалының бастығы жұмысынан уақытша шеттетілді

"Қолдан жасалған билет тапшылығы": Алматы вокзалының бастығы жұмысынан уақытша шеттетілді
фото: © Photo :"Қазақстан темір жолы" ҰК  АҚ  баспасөз  қызметі

"Қазақстан темір жолына" билеттерді заңсыз қайта сатумен байланысты жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Алматы-1 теміржол вокзалында билеттерді қайта сатып алушылармен күрес аясында ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, өз тергеуін жүргізді. Нәтижесінде билеттерді заңсыз қайта сату және темір жол билеттерінің тапшылығын қолдан жасау фактілерін анықтады", - делінген компания хабарламасында.

ҚТЖ-ның хабарлауынша, билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді, деп атап өтті ҚТЖ.

"Вокзал бастығы тергеу жүргізу кезеңінде лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалында жүргізіледі", - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат