Қазақстандық мұғалім әлемдік жұлдызбен хит жазбақшы

Қазақстандық мұғалім әлемдік жұлдызбен хит жазбақшы
фото: pexels.com

Қазақстандық битмейкер Eraholic (Абай облысындағы биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Садуханов) халықаралық әртістер жобасында музыкалық мансап жасамақшы. Dual Line-мен сәтті ынтымақтастықтан кейін Eraholic бүркеншік атымен танымал битмейкер испандық жұлдыз Rosalia-дан жұмыс істеуге шақырту алды, деп жазды kaz.inform.kz.

Фото Instagram @eraholic

Оның айтуынша, оған «Bizcochito» және «Despecha» хит әндерінің орындаушысы өзі хабарласқан. Жеке әңгімеде ол ұсынысты қабылдағанын, бірақ келісімшартқа қол қою процесі ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты.

Rosalia

Photo: @rosalia.vt

— Розалия испан тілді әнші болғандықтан, әніміз латын мотивімен, дәлірек айтсақ, реггитон жанрында болуы әбден мүмкін. Бұл жанр Қазақстанға енді ғана еніп жатыр деуге болады», - деді ол.

Розалия — 80-нен астам түрлі музыкалық марапаттарға ие испан әншісі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - екі Грэмми мүсіншесі. Spotify профилінде әртістің ай сайын 24,5 миллионға жуық тыңдаушысы бар, ал ең танымал трек — Despecha бір миллиардтан астам тыңдау жинады.