Қазақстанда тегін беретін дәрі-дәрмектер тізімі қысқарады

Қазақстанда тегін беретін дәрі-дәрмектер тізімі қысқарады
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/

       Қазақстанда тегін беретін дәрі-дәрмектер тізімі қысқарады 

       Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.  Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес, елімізде 32 ауруды емдеуге арналған 38 препарат тізімнен алынады.

        "Жоюға арналған" дәрілер тізімінде мына ауруларды емдеуге арналған препараттар бар: асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы; ауруханадан тыс 

* пневмония; 

* гастроэзофагальды рефлюкс ауруы; 

* бас сүйек нервтерінің зақымдануы;

* жедел, созылмалы синусит; жедел, созылмалы кератит; 

* көп формалы эритема; сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;

* эндометриоз; несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары; 

* гастрит және дуоденит; созылмалы панкреотит; холецистит; 

* өт тас ауруы; 

* мигрень. 

Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтінін жеткізді. Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

https://ernur.kz/