4 мың жылдық тарихы бар петроглиф қиратылып жатыр

4 мың жылдық тарихы бар петроглиф қиратылып жатыр
фото: https://pixabay.com/ru/

       Жетісу облысы Қызылтас жотасындағы 4 мың жылдан аса тарихы бар петроглиф қиыршық тас пен цементтің кесірінен жойылып жатыр.    

       Steppeart жобасының жетекшісі Джулия Ғанидың сөзінше, қазақстандық компания 4 мың жылдан асқан ескерткіштерді ғана емес, ашық аспан астындағы көркем галереяларды, храмдар мен ғибадат орындарын қиратып жатыр. 

     "Бұл жерден 4 мың жылдан астам жүздеген жаулап алушылар өтті. Олардың кейбірінің есімдері тарихта қалды. Жаулаушылар қалаларды теңестірді. Алайда олардың петроглифтерге қол тигізуге батылы бармады. Тіпті найзағай да, қар да, жауын да, жер сілкінісі де петроглифтерді бұза алмады. Сондықтан біздің өлкенің қайталанбас жартас өнері күні бүгінге дейін сақталған. Алайда қиыршық тас пен цемент өндірумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік келіп, оларды қиратып жатыр", – деді Джулия Ғани. 

     Оның сөзінше, егер ЖШС иелері жартастағы өнердің қазақ және әлемдік мәдениет үшін маңызын түсінбесе, оған президенттің өзі араласуы керек. Тарихта көне жауһарларды өз қолымен қиратқан халық болып қалмағанымыз жөн дейді ол. 

     Аталған мәселеге қатысты Stan.kz Жетісу облысының мәдениет басқармасына жүгініп көрді. Басқарманың мәліметінше, аталған орында қирату жүргізіліп жатқан жоқ. Жұмыс тоқтатылған екен. 

     "Қазір бұл жерде жұмыс істеген компанияға басқа карьерден жер беру қарастырылып жатыр. Бұл аймаққа облыстық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді. Талдықорған қаласының солтүстігі, солтүстік-батыс жағына, Қаратау ауданының кейбір бөліктеріне құжат жасалып жатыр. Құжаттама жұмыстарын жүргізуге белсенді Ольга Гумированың өзі де қатысты. Өзі тапқан петроглифтерді көрсетіп, құжаттандыруға тікелей атсалысып жүр", – басқарма. 

       https://stan.kz/