Қайрат Нұртасты соққыға жыққан жігіт кім?

Қайрат Нұртасты соққыға жыққан жігіт кім?
фото: Кайрат Нуртас. © instagram.com/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың басы дауға қалды.  Танымал әнші қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды, деп жазды kaz.inform.kz.

Бұл деректі Көліктегі полиция департаменті растады. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қазақстандық эстрада жұлдызы ұшақта бұзақылық жасаған. 

«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазір материалдар қарау үшін сотқа жіберілді», - делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

 7 шілде күні сағат 19:30-да елордадағы Конгресс Холда Қайраттың  қатысуымен музыкалық кеш өтуі тиіс еді. Концерт кейінге қалдырылды.

«7 шілде күні «Астана» концерт залында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың концерті басқа күнге ауыстырылғанын хабарлаймыз. Сатып алынған билеттерді ticketon.kz сайты арқылы кері қайтаруға болады» делінген хабарламада.  

Осы орайда елорда әкімдігі аталған концертті жеке ұйымдастырушылар өткізгелі жатқанын хабарлады. 

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртаспен ұшақта жанжалдасқан жолаушыға қатысты істі қарап, қаулы шығарды.

Сот анықтағандай, 2024 жылдың 4 маусымында Асылбек Бекқайыров Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында Қайрат Айдарбековпен (Нұртас – ред.) жанжал шығарып, арты төбелеске ұласқан.

«Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. А.Бекқайыров өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған», - деп жазылған сот хабарында.

Сот отырысында А.Бекқайыров өз кінәсін мойындамаған.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы бойынша денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.