фото: https://pixabay.com/ru/
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, елорда полицейлері 77 жастағы аргентиналыққа 2 мың АҚШ доллары тұратын брендтік, күннен қорғайтын «Ray-Ban» алтын жалатылған көзілдірікті жедел қайтарып берді.
– Ерлі-зайыптылар Азия қалаларын аралап, кейін Астанаға келген. Серуендеу кезінде ер адамдар оларға жақындап, суретке түсуді ұсынғаны анықталды. Дегенмен шетелдіктер бас тартқаннан кейін олардың бірі көзілдірікті киіп көруді өтінген. Осылайша олардың дәрменсіздігін пайдаланып, қашып кеткен, – деп жазылған хабарламада.
Елордалық полиция қызметкерлері облыста жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 28 жастағы екі ер адамды анықтады. Олар сол күні елорда тұрғындарынан тағы үш ұялы телефонды ұрлаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі. Шетелдік қонақтар Астана полицейлеріне кәсібилігі, жеделдігі және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через