фото: https://pixabay.com/ru/
"Ашық НҚА" порталында жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын бекіту туралы қаулының жобасы жарияланды.
Қашан күшіне енеді?
Жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Несие мөлшері
1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және одан да көп мөлшерде несие алу үшін жұбайының келісімін алу қажет болады. 2024 жылы бұл - шамамен 3,7 миллион теңге.
Рұқсат қалай рәсімделеді?
Несие алуға жұбайының рұқсаты қағаз түрінде де, электрон түрде де берілуі мүмкін.
Қағаз түрінде ресімделген келісімге қарыз алушының жұбайы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Электрон түрде ресімделетін келісім кредит беретін ұйымның (банк немесе микроқаржы ұйымы) бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы не E-gov порталы арқылы беріледі. Бұл жағдайда биометриялық сәйкестендіру қажет.
Электрон түрде берілген келісімді қарыз алушының жұбайы осындай келісімді алған күннен бастап 48 сағат ішінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы куәландырады.
Рұқсатта не көрсетілуі керек?
Несие рұқсатында мыналар көрсетілуі керек:
- рәсімделген күні;
- рұқсат берілген тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН;
- несие туралы мәліметтер: сомасы, мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі.
Қаулы жобасы 10 шілдеде жарияланып, 24 шілдеге дейін талқыланады.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через