фото: Instagram желісіндегі видеодан алынды
Әлеуметтік желіде қазақтың киіз үйінде жартылай жалаңаш билегендердің видеосы тарап қоғамды дүр сілкіндірген еді. Бас прокуратура аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевтың айтуынша, желіде таралған видеороликтің қиындысы бүкіл ұлтты, елді қорлаумен пара-пар.
Өз кезегінде Бас прокуратура оқиғаның Алматы облысы, Қарасай ауданында түсірілгенін хабарлап отыр, деп жазды kaz.inform.kz.
«Аталған факт бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп жауап берді ведомство.
Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдейді. Оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылданады.
Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейнеролик авторларының ниетін анықтау және қылмыстық құқықтың көрсетілген нормасына объективті құқықтық баға беру мүмкін еместігін жеткізді.
Айта кетсек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендердің видеосына қатысты пікір білдірген еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через