Kids Go Free бойынша 3600-дан астам бала ұшақпен тегін қатынады

Kids Go Free бойынша 3600-дан астам бала ұшақпен тегін қатынады
фото: https://zhaikpress.kz

       «Kids Go Free» бағдарламасы аясында 3600-ден астам бала ел ішінде ұшақпен тегін қатынады. 

       Кәмелет жасқа толмағандардың әуе билетін субсидиялау жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы арқылы ішкі туризмді дамыту көзделген. Республика аумағына саяхат жасаған ата-аналар қаражатын үнемдей алады. Ол үшін ересектер лицензиясы бар туристік оператордан жолдама сатып алу керек. Бағдарлама Қазақстан азаматтарына ғана арналған. Бүгінде 1700-ден астам өтініш келіп түскен. Оларға қатысты 166 млн теңге төленді. 

«Kids Go Free» бағдарламасы  

1752 өтініш түсті 

₸166 млн төленді 

3641 бала қамтылды.

https://24.kz/kz/