Еуроодақта көлік құралдарына жаңа стандарт енгізілді

Еуроодақта көлік құралдарына жаңа стандарт енгізілді
фото: https://www.istockphoto.com/

Еуроодақ пен Солтүстік Ирландияда жаңа автокөліктер үшін бірқатар жаңа техникалық талап енгізілді.

"Гардиан" басылымының хабарлауынша, ереже аясында биылғы жылдың шілдесінен бастап сатылған көліктердің жылдамдығына шектеу қойылады. Интеллектуалды жүйе белгіленген межеден асқанда бірден белгі беруге тиіс.

Бұдан бөлек жаяу жүргіншілер өтетін жерде төтенше жағдайда тоқтау жүйесі бар. Еуропаның көліктегі қауіпсіздік кеңесінің мәліметінше, қолға алынған шаралар қара жолдағы өлім-жітімді 20 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

https://baq.kz/