Астана күні қарсаңында қанша қазақстандықтың есімі Астана екенін анықтауды жөн көрдік, деп жазды tengrinews.kz.
Бюро мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады.
Былтыр елде осындай есіммен 26 адам тіркелген, олардың 9-ында 1998 жылға дейін осы есім болған.
Айта кету керек, елорда жарияланған жылы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2 ұлға Астана есімі берілген. Сонымен қатар, 5 қазақстандықтың есімі Астанай, 6 – Нұрастана, 3 – Астанали.
Сонымен қатар, Астананың символы – басты көрікі – "Бәйтерек". "Байтерек" есімді 40 қазақстандық бар. Бәйтерек есімді 31 қазақстандық тіркелген.
Биыл қазақстандықтар қаланың жаңа мәртебеге ие болғанына 26 жыл толғанын тойлайды.