Энергетикалық сусындарға бүгіннен бастап тыйым салынды

Энергетикалық  сусындарға  бүгіннен  бастап  тыйым  салынды
фото: https://pixabay.com/ru/

Елімізде бүгіннен бастар кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады.

Мемлекет басшысы тиісті құжатқа қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

"Өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға  сатуға  тыйым салынады", – делінген құжат сипаттамасында.

Жалпы Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші  және ынталандырушы нормалар енгізіледі:

құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді;

мемлекеттік лауазымды атқаратын қызметкерлерге құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады;

бұдан былай әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды;

букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды.

ҚазАқпарат