Енді елімізге қандай көліктерді әкелуге тыйым салынады?

Енді елімізге қандай көліктерді әкелуге тыйым салынады?
фото: https://www.istockphoto.com/

Қазақстанда жеті жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін. 

Өнеркәсіп министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаев "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгертулер енгізуді ұсынды. 

“Жұмыс тобының қатысушылары 7 жылдан асқан көліктерді елге әкелуді шектеуді ұсынды. Біз бұған қарсы емеспіз. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдарды енгізуге тырысамыз. Енді Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында материалдарды ұсынамыз. Бізді бес мемлекет қолдайтын болса, әрине", – деді Бектібаев.

 

https://www.bugin.kz/