фото: pixabay.com
Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті. Былтыр 15 826 орын тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% артық (15 146). Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.
Өткен жылы мейрамхана саны ерекше өсті. 2023 жылы олардың саны 2 303 болса, 2022 жылы 2106 болған.
Асхана саны да 4 752-ден 5 383-ке дейін өскен.
Мейрамханалар мен асханалар санының өсуі аясында кафелер саны кері динамиканы көрсетті, 2022 жылғы 5 016-дан 2023 жылы 4 479-ға дейін қысқарған.
Өңірлер бөлінісінде мейрамханалардың ең көбі Астана (400), Алматы (351) қалалары мен Түркістан облысында (213).
Кафелер — Алматы (508), Астана (385) қалаларында және Қарағанды облысында (464) көп.
2023 жылы қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11,9% артық.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через