Еліміз Астана күнін атап өтіп жатыр

Еліміз Астана күнін атап өтіп жатыр
фото: https://www.istockphoto.com/

       Қазақстанда Астана күні аталып жатыр. 

       Мерекеге орай бас шаһарда 100-ге жуық мәдени іс-шара жоспарланған. Мәселен, шілденің 7-сіне дейін көше театрының халықаралық фестивалі өтеді. Фестивальда Эстония, Польша, Ресей және еліміздің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Ал 7 шілде сағат 14:00-де Орталық саябақта сахна қойылымдары болады. 6 шілде сағат 11:00-де театралды фестиваль өнерпаздары қала көшелерімен шерулетіп өтеді. Шілденің 6-сы күні сағат 20:00-де Амфитеатрда «Астана - Арман қала» мерекелік концерті өтеді. Сағат 18:00-де ЭКСПО алаңында эстрада артистерінің қатысуымен ашық аспан астындағы концерт жоспарланған. Шілденің жетісі күні де мұнда Домбыра күніне арналған шоу-концерт өтеді. Сондай-ақ 6, 7, 8 шілде күндері Орталық саябақта «Мереке стрит» ұйымдастырылады. Қала және оның қонақтары түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, аспан астындағы киноны тамашалай алады.

       https://24.kz/kz/