Джефф Безос Amazon акцияларын шамамен 5 миллиард долларға сатуды жоспарлап отыр

Джефф Безос Amazon акцияларын шамамен 5 миллиард долларға сатуды жоспарлап отыр
фото: Andrew Harrer/Bloomberg

      Amazon компаниясының негізін қалаушы әрі басқарма төрағасы Джефф Безос рекордтық деңгейге жеткен электронды коммерция алпауытының акцияларын шамамен 5 миллиард долларға сатуды жоспарлап отыр, деп жазады US News.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықтан кейін 25 миллион акцияның сатылғаны айтылды. Акция 200,43 долларға дейін көтеріліп, биылғы жоғары көрсеткіш 30%-дан, сондай-ақ Dow Jones Industrial Average индексінің 4%-дық өсімінен асып түскен.

Сатылым толық аяқталса, Джефф Безос шамамен 912 миллион Amazon акциясына немесе жалпы бағалы қағаздардың 8,8% -на ие болады.

Forbes мәліметінше Джефф Безос 214,4 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі байлығымен әлемдегі екінші ең бай адам қатарында. Ол сондай-ақ мамыр айында алты адамдық экипажды ғарышқа ұшырған Blue Origin ғарыш компаниясының негізін қалаушы.

https://kaz.inform.kz/