фото: pixabay.com
Елімізде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын өзгертті.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған «Отбасы Банк» АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.
Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және жақын туыстарына беру көзделген, бірақ салымды үшінші тұлғаға, яғни одан әрі беруге жол берілмейді. Құжат ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через