фото: ru.qaz365.kz/ әлеуметтік желіден алынды
15 күнге қамалған әнші Қайрат Нұртас (Айдарбеков — ред.) апелляциялық шағым түсірді. Алайда сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, деп жазды /kaz.inform.kz.
Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қаулысымен танымал әнші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.
Бүгін Астана қалалық сотында Қайрат Айдарбековке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды.
Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтың ұшақ ішінде жанжалдасу кезінде азамат Асылбек Бекқайыровқа қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.
«Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді», — деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, «Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған еді.
Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты Қайрат Нұртастың бұзақылық ісі бойынша қаулы шығарды.
Бұған дейін сот отырысының қалай өткені баяндалған болатын.
Кейінгі кезде елімізге танымал мәдениет саласының өкілдері мәдениетсіздік танытып, қамауға алынғаны қоғамды елең еткізгені рас. Әдетте тойда жүретін әншілердің темір тордың ар жағынан табылуы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатқанын жазған болатынбыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через