Астаналық түлектер оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек ала алады

Астаналық түлектер оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек ала алады
фото: https://pixabay.com/ru/

Жыл сайын Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі.

1 шілдеден 23 тамызға дейін Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы түлектерге қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

Жыл сайын Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі:

жетім балалар;

балалар үйінің түлектері;

бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

көп балалы отбасылардан шыққан балалар (оның ішінде осы жылы үлкен бала - кәмелетке толған кезде білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін);

асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар.

Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?

Басқармаға келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет:

1.жеке басын куәландыратын құжат;

2.жиынтық табысты есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

3.ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

4.көп балалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

5.туу туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

6.Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;

7.ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификат.

8.Екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Айта кету керек, жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен аспайтын ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек белгіленеді.

Әлеуметтік көмек алу үшін Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша жүгіну қажет не құжаттарды веб-портал арқылы "электрондық өтініш" бөлімінде электрондық түрде беру керек.

Айтпақшы, тестілеу кезінде ең төменгі ұпай жинай алмаған мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек көрсетілмейді.

Аудан тұрғындары үшін анықтама телефондары:

Алматы: 55-01-74, 8 702 837 50 05;

Байқоңыр: 55-72-32, 8 771 830 32 78 ;

Есіл: 55-74-50, 8 705 427 92 40 ;

Нұра: 55-68-40, 8702-149-02-55 ;

Сарыарқа: 55-14-87, 8701 621 62 99, 8702-546-86-95.

https://sputnik.kz/