Астанада жасы 100-ден асқан 21 қария тұрады

Астанада жасы 100-ден асқан 21 қария тұрады
фото: https://www.istockphoto.com/

Елорда күні қарсаңында ұлттық статбюро қызық статистика ұсынды. 

2024 жылдың 1 маусымында қаладағы халық саны 1 464 415 жеткен.

Оның 696 234 — ерлер, 768 181 — әйелдер.

2023 жылы Астанада туған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас.

Бұл көрсеткіш ерлер арасында — 74,23 жас, әйелдердікі — 81,28 жас.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін — 28,2 жас, әйелдер үшін — 26,4 жас болды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті — 1000 адамға 19,50.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

https://kaz.inform.kz/